Қазақстандық боксшы Playboy журналына түсті

24 қаңтар 2022, 09:43

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Playboy журналына түсті. Бұл туралы Лукас инстаграм парақшасында жариялады.

 

"Сәлем, достар! Сіздерді қуантқым келеді. Жуырда Playboy журналының мұқабасынан көре аласыздар. Сән бизнесінде тәжірибе алмасқаныма қуаныштымын", - дейді отандық былғары қолғап шебері.

 

Еске салайық, 2021 жылдың 18 желтоқсанында Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Елордада өткен бокс кешінде Лукас украиналық Светлана Василевскаядан басым түсті.

 

 

 

kaz.vesti.kz