Қазақстандық чемпион қыздың жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды

20 желтоқсан 2021, 10:17

Ресей спортшысы қазақстандық қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады, төреші техникалық нокаутты тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Меруерт Ибраева (3-0) Мәскеуде Open Fighting Championship турнирінде титулдық жекпе-жек өткізді.

Ибраева ресейлік Дарья Железняковамен кездесті (5-0). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес раундқа есептелді, Open FC чемпионы титулы бәске тігілді.

Жекпе-жекте Железнякова мерзімінен бұрын жеңіске жетті – екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.

Осылайша Меруерт Ибраева кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшыраса, Дарья Железнякова ММА-дағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетері, Ибраева жақында ғана панкратионнан әлем чемпионы атанған болатын.

sputnik.kz