Спорт

Қазақстандық дзюдошы қыздың неден көз жұмғаны белгілі болды

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Қазақстандық дзюдошы Аэлита Щербакова сирек кездесетін аурудан көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қазақстан дзюдо федерациясының пиар менеджері Әйгерім Тоқсанбек дзюдодан екі дүркін Қазақстан чемпионы соңғы кездері дәрігерлердің бақылауында болғанын айтты.


"2019 жылдың 3 сәуірі күні Аэлита Щербаковаға дәрігерлер "идиопатикалық апластикалық анемия" деген диагноз қойды. Спортшының денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болған", - дейді ол.


Сонымен қатар ол бұған дейін дзюдошының денсаулығы сыр бермегенін, жақсы күресіп келгенін атап өтті.


"Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарының алдында дзюдошылар міндетті түрде дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Спортшылар медициналық тексеріс нәтижесі жақсы шықса ғана, дәрігерлердің рұқсатымен жарыстарға жіберіледі. Сондай-ақ дзюдошылар ұлттық құрамаға кіретін кезде де медициналық тексерістен өтеді. Аэлита Щербакованың осыған дейінгі барлық медициналық тексерісінің нәтижесі оң болған", - дейді Әйгерім Тоқсанбек.


Алайда федерация қызметкері Аэлита Щербакованың қандай ауруханада емделгені туралы мәлімет бермеді.


Айта кетейік, апластикалық анемиямен ауырған адамның жілік майы қанның құрамындағы эритроцит, лейкоцит және тромбоциттерді қажетті мөлшерде бөлмейді. Аталған ауыру сирек кездеседі. Оған жылына миллион адамның 2-6 ғана шалдығуы мүмкін.


 




Көрілген: 1278    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 16:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31