Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турнирі өтті. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов (12-3-1) екі жылдан кейін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол әзербайжандық Серхан Валилимен (6-3-1-1) жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақтағы тартыс үш раундқа есептелген. Алайда Әшімов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Арман қарсыласының бауырынан ұрып құлатты.
Бұл оның ММА-дегі кәсіпқой карьерасында 12-жеңісі. Сонымен қатар 3 рет жеңіліп, бір рет тең түскен. Соңғы рет октагонға 2019 жылы тамызда шыққан.