Спорт

Қазақстандық файтер қыз UFC келісімшарты сарапқа салынатын жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

  • Мария Агапова. ©Fight Nights

    Мария Агапова. ©Fight Nights

Әйелдер арасында ММА-ден Қазақстан тарихында алғашқы әлем чемпионы атанған Мария Агапова (6-0) UFC басшысы Дана Уайттың шоуындағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.


Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Агапова Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Трэйси Кортес (5-1) болады.


Кездесу 30 шілдеде (Қазақстан уақытымен 31 шілде) Лас-Вегаста өтеді. Жеңіске жеткен файтер UFC-мен келісімшартқа отырады.


"Салмақ өлшедік. Тура 125 фунт. Ертең қолымнан келетіннің бәрін көрсетемін. Бұл жекпе-жекте тек мықтысы жеңіске жетеді. Қазақстан, алға!", - деп жазды Агапова.


Айта кетейік, Агапова кәсіпқой карьерасын 2015 жылы бастаған. Бүгінге дейін алты жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған.


Ол Қытайда Heroines әлемдік лигасында және ММА-ден әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.



Тengrinews.kz 




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31