DAR Pro Team командасының мүшесі, қазақстандық Асу Алмабаевтың (15-2) Bellator лигасының бұрынғы чемпионы америкалық Зак Маковскиге (21-10) қарсы кездесуі Бахрейнде өтетін болды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі bravecf.com сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
28 жастағы Алмабаев 39 жастағы Маковскимен Brave CF 60 турнирінде аса жеңіл салмақ дәрежесінде кездеседі.
Кездесу 30 шілдеде Бразилияда өтуі керек еді. Алайда коронавирустық шектеулерге байланысты ұйымдастырушылар турнир өтетін жерді ауыстыруға мәжбүр болған.
Турнирге қатысты толығырақ ақпарат жақын күндері белгілі болады деп күтілуде.