Қазақстандық команданың файтері UFC ұйымындағы жекпе-жегінен бас тартты

12 қаңтар 2022, 17:47

Қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасының намысын қорғайтын ресейлік Мовсар Евлоев (15-0) 22 қаңтар күні Анахаймда (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өтетін UFC 270 турниріне қатыса алмайтын болды. Бұл туралы Red Fury MMA жазды.

 

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 27 жастағы спортшы грузиялық Илья Топуриямен (11-0) кездесуі керек еді. Бірақ Евлоевтан коронавирус анықталды. Індет айқасқа он күн қалғанда анықталып тұр. Сондықтан Топурияға жаңа қарсылас қарастырылмай, жекпе-жек өтпейтін болды.

 

Шавкат Рахмонов UFC ұйымында үшінші кездесуін өткізу үшін АҚШ-қа ұшып кетті

 

Соңғы айларда Евлоев Флорида штатында American Top Team залында жаттығу өткізді. Онымен бірге қазақстандық Сергей Морозов (17-5) та дайындық өткізді. Отандасымыз кездесуін 13 ақпан өткізеді. Айта кетейік, Морозовтың өзі жуырда ғана коронавируспен ауырып шықты. Оны спортшы әлеуметтік желісінде айтқан еді.

 

Арман Оспанов француз нокаутшымен шығады. Кездесу күні белгіленді

 

Жуырда Евлоев пен Морозовтың қасына тағы бір қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) қосылды. Ол келесі кездесуін 29 қаңтар күні Eagle FC лигасында өткізеді. Бұл туралы бірнеше сағат бұрын ғана белгілі болды.

 

 

 

kaz.vesti.kz