Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

17 сәуір 2022, 09:54

Қазақстандық Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Осы күндері Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

 

Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды.

 

Негізгі бағдарламада ол 234,31 ұпайға ие болды.

 

Айта кетейік, бұл мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан үшін тарихи жетістік. Себебі бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.

 

М.Шайдаровтың турнирде көрсеткен өнерінің видеосы.