Қазақстандық шаңғышы жол апатынан қайтыс болды
Қазақстандық шаңғышы, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола медалінің иегері Николай Чеботько 38 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
 
Сайт мәліметінше, олимпиада ойындарының қатысушысы жол апатынан қайтыс болды.  Апат 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кентінің (Ақмола облысы) маңында болған.
 
Николай Чеботко 2013 жылы Валь-Ди-Фьеммада әлем чемпионатының тұғырының үшінші сатысына көтерілді (командалық спринт). Оның қоржынында Азия ойындарының үш алтын, төрт күміс және екі қола медальдары бар.
 
"Ұлттық Олимпиада комитеті еліміздің барлық спорттық қоғамдастығы атынан Николай Чеботьконың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз оны талантты шаңғышы, нағыз олимпиадашы, әдемі адам ретінде есте сақтаймыз!" делінген сайт хабарламасында.