Қазақстандық спорт жемқорлыққа батып кетті: боксшылардың үндеуі
Кәсіби боксшы Аида Сатыбалдинова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жолдады.
 
Ол мемлекет басшысынан Қазақстандағы спорттың дамуына кедергі келтіретін проблемаларға назар аударуды сұрайды. Видео үндеу Instagram-да жарияланды.
 
&mdash Мен, Сатыбалдинова Аида, Көкшетаудың тумасымын. Қәсіби боксшымын, WBF International чемпиондық белдігінің иесімін. Үш жыл бойы мен АҚШ-та тұрамын, бірақ тек Қазақстанның туы астында өнер көрсетемін.
 
Бүгін Қазақстандағы спорт мәселесін қозғағым келіп отыр. Менің білуімше, мемлекетіміз Қазақстанда спортты дамытуға қомақты қаржы бөледі. Мен бұған өте қуаныштымын. Бірақ бүгін мен өте маңызды мәселелерді атап өткім келеді.
 
Бірінші&hellip Мен міндетті түрде Қазақстанның барлық өңірінде, Қазақстанның барлық қаласында және спорттың барлық түрлері бойынша тексеріс жүргізу қажет деп санаймын. Себебі нақты жұмыс істейтін спортшылардың санын анықтау қажет. Өйткені
 
спортшыларға ақша бөлінеді. Бірақ, біріншіден, олар әрдайым межелі адамдарға жете бермейді
 
Екіншіден, мысалы, 40 адамға дайындық жиынына өтінім беріледі, бірақ іс жүзінде бұл жиынға 25 адам қатысады.
 
15 адамға да ақша бөлінеді, бірақ олар оны қалтасына басып қалады.
 
Легионерлер мәселесі. Менің пікірім &mdash легионерлер бір салада өз спортшыларымыз болмаған жағдайда ғана қажет. Өз спортшыларымызға қарағанда екі-үш есе көп жалақы алатын легионерлер не үшін қажет? Мен тек біздің спортшыларға ғана инвестиция құйып, тек біздің спортшыларымызды өсіру керек деп есептеймін. Олар еліміздің туын әлемдік аренада мақтанышпен көтеретін болады.
 
Үшінші &mdash қазақстандық жаттықтырушылармен мәселені шешу. Олар спортшыларды қандай да бір жарыстарға немесе дайындық жиынына барған деп ведомостарға қол қоюға мәжбүр етпеулері керек. Іс жүзінде спортшылар ешқайда бармаған, бірақ бөлінген ақша, әрине, тағы ұрланады.
 
Назарларыңызға рақмет. Біз бірлесе отырып адал мемлекет құра аламыз деп сенемін, &mdash деп қорытындылады Сатыбалдинова.