Спорт

Қазақстандық спортшы қыз зорланғанын айтты

  • © Sputnik / stringer

    © Sputnik / stringer

Қазақстанның ең үздік семсерлесушілерінің бірі 19 жастағы Тамила Муридова әріптесінің зорлағанын айтты, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

 

Спортшы жігітпен 16 жасында танысып, ғашық болған. Оның айтуынша, өзінен 7 жас үлкен ер адам оны зорлап, ұрып-соққан.

 

"Үсті-басым көгеріп тұрды, тістерім сынды. Соңғы рет 24 ақпанда мұрнымнан ұрды. Содан қатты қан кетіп, ісіп кетті", - деді зардап шеккен спортшы.

 

Полиция зардап шегушінің арызын қабылдап, "Зорлау" бабы бойынша іс қозғады.

 

"Іс бойынша барлық алғашқы тергеу шарасы мен сараптамалар жүргізілді. Қорытындысы әзірге дайын емес. Сараптама нәтижесі бойынша істі әрі қарай жүргізу туралы шешім қабылданады", - деп түсіндірді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Қазір күдікті бостандықта жүр. Егер сараптама барысында оның кінәлі екені дәлелденсе, ол қамауға алынады.

 

Бұл жағдайға байланысты семсерлесу федерациясы түсініктеме беруден бас тартты. Құрама жаттықтырушысы Муридованың жігітпен қарым-қатынасы жайлы білгенін, алайда оған әсер ете алмағанын айтты.

 

Тамила Муридова – семсерлесуден халықаралық деңгейдегі спорт шебері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының қатысушысы.

 

sputnik

 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 13:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31