Қазақстандық спортшы UFC-дегі екі жекпе-жегі үшін 37 мың доллар алды

19 шілде 2021, 10:38

Қазақстандық спортшы Сергей Морозовтың (17-5) UFC-тегі екі айқасы үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Морозов промоушндағы дебютын қаңтарда жасады. Ол кезде екінші раундта сабминшмен ресейлік Умар Нурмагамедовтен (13-0) жеңіліп қалған. Бұл жекпе-жегі үшін Морозов 13 500 доллар алды (октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар, 3 500 доллар ынталандыру бонусы ретінде).

Күні кеше Морозов екінші рет жекпе-жекке шықты. Бұл жолы ол төрешілердің бірауыз шешімімен неміс Халида Таханы (13-4-1) жеңді. Боксшының UFC-дегі алғашқы жеңісі оған көбірек ақша әкелді – 24 000 доллар (алаңға шыққаны үшін 20 000 доллар, 4 000 доллар ынталандыру бонусы ретінде).

Осылайша, UFC-дегі екі айқасы үшін Сергей Морозов 37 500 доллар алды.