Спорт

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында жеңіп алған медальдарын қайтара бастады

  • Светлана Подобедова.  © Тengrinews.kz

    Светлана Подобедова. © Тengrinews.kz

Кеңейтілген допинг тексеруден соң жүлдеден қағылған қазақстандық спортшылар Олимпиада медалін қайтара бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жақында қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова мен Ирина Некрасова Олимпиада ойындарында иеленген жүлделерін қайтарды. Светлана Лондон Олимпиадасының алтынын, Ирина Бейжің Олимпиадасының күмісін қайта тапсырды.


Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Олимпиадалық хартия ережелерін ұстанып, әлемдік спорттағы Қазақстан құрамасының беделін сақтау мақсатында спортшылармен әңгіме жүргізді. Атлеттер түсіністік танытып, төртжылдық додасында иеленген медальдарын қайтарды.


Айта кетелік, 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің Тәртіптік комиссиясы (ХОК) мен Спорттық арбитражды сот (CAS) қазақстандық жеті ауыр атлет пен екі балуанның XXIX және XXX Олимпиада ойындарында жеңіп алған (Бейжің-2008, Лондон-2012) медальдарын жоққа шығарып, олардың допингке қарсы ережені бұзғандарын жария етті.


Шешімге сәйкес атлеттер жарыстан шеттетіліп, нәтижелері жоққа шығарылды және медальдарды қайтаруға міндеттелді. Жақын арада қайтарылған медальдар Халықаралық Олимпиада комитетіне жолданады. Жүлдесін әлі күнге дейін қайтармаған спортшылармен келіссөз жүргізуді ҰОК одан әрі жалғастырмақ.


 




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 18:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30