Қазақстандық спортшының салмақ қуу кезінде бүйрегі істемей қалған

12 наурыз 2021, 12:22

Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек АСА 119 турнирінде жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы ресейлік ұйым хабарлады.

Жеңіл салмақ дәрежесінде (62 келі) өнер көрсететін Қаршыға Дәуітбек  ACA 119 турнирінде ресейлік файтер Никита Чистяковпен (11-6-1) кездесуі қажет еді. Алайда қазақстандық файтер белгіленген салмақтан асып кетіп, жекпе-жекке жіберілмеді. Салмақ қуу кезінде Қаршыға Дәуітбектің екі бірдей бүйрегі дұрыс істемей қалған. 

 Айта кетейік, Қаршыға Дәуітбек соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда Alash Pride Grand Prix турнирі аясында өткізді. Онда төрешілер шешімімен қырғызстандық Тұрғанәлі Абдуллаевты жеңді