Қазақстандық таеквондошы қатарынан екі халықаралық жарыста алтын жеңіп алды

18 қазан 2021, 14:48

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Черногория астанасы Подгорицада өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Montenegro Podgorica Open 2021 жарысының финалында 73 келіге дейін салмақ категориясында Дениз түркиялық қарсыласын 2:0 есебімен жеңген. 
"Қайрат" футзалдан Қазақстан кубогын жеңд
Жансель Дениз бұдан бір ай бұрын Түркияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль алған болатын. Ыстамбұлда өткен WT President’s Cup Europe рейтингтік жарысында Қазақстан командасы екі медаль иеленген.