Спорт

Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды - БАҚ

  • © olympic.kz

    © olympic.kz

БАҚ мәліметінше, Полтараниннен бөлек, эстон шаңғышысы Андрус Веерпалу және австриялық Макс Хауке қамауға алынған.


Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға алды, - деп хабарлайды vesti.kz порталы SSS.fi басылымына сілтеме жасап.


БАҚ мәліметінше, Полтараниннен бөлек, эстон шаңғышысы Андрус Веерпалу және австриялық Макс Хауке қамауға алынған.


Неміс және австриялық полицейлердің халықаралық допинг желісін анықтау аясындағы акция барысында осындай әрекеттерге барғаны айтылады. Барлығы тоғыз адам ұсталған, оның ішінде бес спортшы бар.


Сәрсенбіде, 27 ақпанда, Австрияның Зеевельд қаласында әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Полтаранин ерлер арасында 15 шақырымдық классикалық жүріс бойынша алтын медальға таласуы керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарысқа қатыспады. Бейресми мәлімет бойынша, бұл жағдай қамауға алу шарасына байланысты болса керек. Австрияда допинг қолдану - қылмыстық іс.



Алексей Полторанин 2013 жылы Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өткен шаңғы спорт түрінен өткен әлем біріншілігінің марапаттау рәсімінде. © Илья Питалев/РИА Новости


Алексей Полторанин - 2013 жылы өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарында төрт алтын медальдің иегері. Спортшы үш қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғады - 2006 жылы Туринде, 2010 жылы Ванкуверде және 2014 жылы Сочиде.  


 




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.02.2019, 09:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31