Қазақстандық теннисшілер Албаниядағы турнирде топ жарды

21 мамыр 2022, 18:14

Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты.

Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.

Бұл - І.Дүйсебай мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.