Спорт

Қазақстанның вице-чемпионы қытайды жойқын нокаутқа түсірді – видео

  • Қазақстанның вице-чемпионы қытайды жойқын нокаутқа түсірді – видео

    Қазақстанның вице-чемпионы қытайды жойқын нокаутқа түсірді – видео

Сұлтан Зауырбек кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңілмеген, алты жекпе-жектің төртеуін нокаутпен ұтқан. Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (5-0, 3 КО) өзінің кәсіпқой карьерасындағы алтыншы жекпе-жегін өткізіп, тағы бір жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Sports.kz.


22 жастағы қазақстандық Дубайдағы (БАӘ) Emirates Golf Club ойын-сауық кешенінде шаршы алаңға шықты. Оның алты раундтық жекпе-жектегі қарсыласы қытайлық боксшы Чэн Хун Тао (7-5-1, 5 КО) болды. Зауырбек бесінші раундта жойқын соққы жасап, нокаутпен жеңді. Қарсыласы бірден ес жия алмады.




Сұлтан кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңілмеген, алты жекпе-жектің төртеуін нокаутпен ұтып отыр.


Айта кетейік, Зауырбек MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан, бұл компанияның клиенттері қатарында белгілі британдық былғары қолғап шеберлері – Билли Джо Сондерс пен Тайсон Фьюри бар. Зауырбек кәсіби боксқа ауысқанға дейін 2014 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

 




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 23:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31