Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кешендер әзірлігі талқыланды

27 қаңтар 2011, 16:59

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарына байланысты шаһарда салынып және күрделі жөндеу жұмыстары өтіп жатқан спорт нысандарын аралап көрді. Есімов мырза тұғырдан секірушілерге арналған халықаралық шаңғы кешенінде, биік тау шатқалындағы «Медеу» мұз айдынында және Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды.
Қаланың ортасында орналасқан Ба­луан Шолақ атындағы спорт сарайы бес мың көрерменге арналып, қайтадан күр­делі жөндеуден өтіп жатыр. Кешен келер жылдың алғашқы тоқсанында пайдалану­ға беріледі деп жоспарлануда. Алайда осы кешенге жапсарлас салынатын әмбе­бап зал, жаттығу айдыны мен автотұрақтың құрылысын жүргізу үшін жер мәселесін шешу қажет болып тұр. Қанатты шаң­ғы­шылар кешеніне бөлінген қаржыны 2009 жылдың желтоқсан айында игеру қажет екендігі жазылған кесте ұсынылды. Әкім кешеннің техникалық жағдайын көрді, инфрақұрылымдар бойынша тапсырма­лар берді және саябақ аумағын сақтау ке­ректігін атап көрсетті. «Медеу» мұз айды­нының техникалық жағдайын да тексерді. Кешен қайтадан кұрделі жөндеуден өтуде. Айдын әлемдік талаптарға сай төселеді.Тоңазытқыш қондырғылар жөніндегі мә­селе ойдағыдай шешілді. Қала әкімі жан­күйерлер отыратын орынды безендіру эс­киздерімен, айдынның қызмет көрсету мүмкіндіктерімен танысты. Бұлардан өзге, Ахметжан Есімов құрылысын Capital Part­ners ЖШС жүргізіп жатқан «Шымбұлақ» тау шаңғысы құрылысындағы өзекті мә­селелерді де талқылады. Қазіргі кезде «Сам­рұқ-Қазына» тарапынан бөлінетін несие жұмысқа қолбайлау болуда. Осыдан бір ай бұрын Мемлекет басшысы Capital Partners-ке 100 млн доллар бөлу жөнінде қор басшысына тапсырма берген болатын, алайда күні бүгінге дейін қаржы түспеген. Кездесу барысында аспалы жолдың қауіп­сіздігі де сөз болды. Бұл мәселе қосымша қарап, талдауды қажет етеді.