Спорт

Кирилл Павлов әлем біріншілігінің қола жүлдесін алады

  • almaty2014iwf.com

    almaty2014iwf.com

Қазақстандық зілтемірші Кирилл Павлов ауыр атлетикадан Алматы төрінде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдесін алды, деп сүйінші сұрайды «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Ауыр атлетикадан Алатау баурайында өтен әлем чемпионатында Кирилл Павлов төртінші нәтижені көрсеткен. Бірақ, өткен аптаның соңында 77 келі салмақта сынға түсіп, Албания тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Даниел Годеллидің допинг қолданғаны белгілі болды.

Шамамен осыдан жарты жыл бұрын Халықаралық ауыр атлетика федерациясы өзінің ресми сайтында үш бірдей болгариялық зілтемірші - Даниел Годелли , Бегая Ромела, Хусейн Пулакуға спортшыларға рұқсат етілмеген дәрумен пайдаланған деген айып таққан болатын. Содан кейін бұл зілтеміршілердің қанынан «Б» сынамасы алынған.

Бірақ, үш спортшының да «Б» сынамасы теріс нәтиже беріп отыр. Енді Даниел Годелли мен Бегая Ромела спорттан екі жылға, ал Хусейн Пулаку сегіз жылға шеттетілді. Мұндай ақпаратты қытайлық Xinhuanet.com порталы таратты.

Демек енді ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем біріншілігінің көрсеткіштерінде де біршама өзгерістер болады деген сөз. Нақтырақ айтсақ, 77 келідегі алтын жұлде қытайлық Чжон Гошуньге, күміс корей жігіті Ким Кван Сонға, ал қола қазақстандық Кирилл Павловқа бұйырады. Ал, қалған екі болгариялық зілтемірші Алматыда жүлдеге ілікеген.


Әлем біріншілігіндегі 77 келіге дейінгі зілтеміршілердің жаңа нәтижелері:


Даниел Годелли (Албания) — 369 (171+198)


1. Чжон Гошунь (Қытай) — 367 (171+196)


2. Ким Кван Сон (Солтүстік Корея) — 363 (163+200)


3. Кирилл Павлов (Қазақстан) — 352 (157+195). 

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1113    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2015, 08:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30