Көлік жарысында қатысушы қыз қатты жылдамдықпен трассадан ұшып кетті (видео)

19 қараша 2018, 10:53

Кәмелеттік жасқа толмаған қатысушы София Флерш Макаодағы "Формула-3" Гран-при кезеңінде жантүршігерлік апатқа ұшырады.

Қыз айдап келе жатқан көлік трассадан ұшып кеткен. Содан соң тор қоршауды бұзып өтіп, қауіпсіздік рельсінің ар жағына бір-ақ шықты.

Жүргізушіні ауруханаға жеткізгенде есін жоғалтпаған, деп жазады Р-Спорт халықаралық автомобиль федерациясына сілтеме жасап.

Motorsport.com хабарлағандай, апат салдарынан үш көрермен мен екі фотографқа медициналық жәрдем қажет болған.

Апаттан соң жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылды. Жарысқа жеті дүркін "Формула-1" чемпионы Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер де қатысып жатқан еді.

sputniknews.kz