Спорт

"Қолымды сындырып жатса да берілмес едім". Қазақстандық спортшы Хабиб Нурмагомедовтың інісімен айқас жайлы

  • Сергей Морозов. Сурет: mmamania.com©

    Сергей Морозов. Сурет: mmamania.com©

Arlan MMA Pro Team командасының қазақстандық файтері Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Умар Нугмагомедовтен жеңілді. Vesti.kz тілшісіне ол мән-жайды баяндап берді.

 

"Жауапкершілік әсер еткен болса керек. Еркін ұстай алмадым өзімді. Күттім, күттім де бірақ ақыры қате жіберіп алдым. Бірінші раундта барымды салып, екіншісінде темпті үдету керек болатынмын. Білмеймін, ашыла алмадым. 

 

Умар жарады, әрине. Оны құттықтаймын. Ал маған көбірек тер төгу қажет.

 

Берілудің не қажеті бар? Әр жекпе-жекке соңғы сияқты шығамыз. Қолымды сындырып жатса да берілмес едім. Құлатып тастаса да, соңына дейін айқасар едім. Мінезімде сондай бар. Соңына дейін барып, жеңген кездесулерім де болды.

 

Қарсыластың аты-жөнінен емес, UFC-де бірінші рет шығып жатқаным ауыртпалық түсірді. Өзімді ыңғайсыз сезіндім. Қазір оны түсіндіре алмайтын сияқтымын.

 

Әрине ештеңе көрсете алмадым.

 

Хабиб жекпе-жектен кейін келіп: "Қапаланба. Бізге жиындарға кел" деді. Менің көңілімді түсірмесін дегені ғой, оған рахмет...

 

Жанкүйерлерге, қазақстандықтарға алғысым зор. Көбі қолдады. Бұл жігерлендіре түседі. Бұлай болады деп те ойламадым. Сондықтан маған қолдау білдіргендердің бәріне, ММА сүйер барша қазақстандық жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді. Мықтырақ болып ораламын. Қазақстанымды қуанту үшін барымды салып, жеңіске жетіп отырамын. Алға!, - дейді Морозов.

 

 

 

 

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31