Спорт

"Көңілдестеріне шуба алып береді": Қуат Найман спорттағы басшыларды сынады

  • https://www.instagram.com/kuat__khamitov/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/kuat__khamitov/?utm_source=ig_embed

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Спортшы күрестен Әлем чемпионатында жүлделі орын иеленген спортшыларға берілетін қаржының аз екенін айтып, мәселенің бір шешімін шығаруды талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


MMA шебері бұл туралы өз Instagram парақшасында жазды.


"Барлық күрес өкілдері мен спорт министрлігіне, сондай-ақ осыған қандай да бір қатысы бар адамдарға үндеу жолдағым келеді.

Сіздердің бүгінгі жасаған әрекеттеріңіз Қазақстан спорты үшін нағыз масқара! Бұл нағыз мазақ. Өз уақытымда мен де сіздер сияқтылар үшін күресті тастап кеткенмін, неге екенін білесіздер ме? Міне, сіздерге дәлел.


Әлем чемпионатындағы күміс және қола жүлде үшін 7000-5000 доллар беріледі.

Осы кезде неліктен соңында сені мазаққа айналдыратын еліңнің туын көкке көтеру үшін жастығыңды, денсаулығыңды жұмсауың керек деген сұрақ туындайды.


Осыдан кейін қандай әке, қандай шеше өз баласын спортқа бергісі келеді?! Балаларында қандай ынта бар?


7-ші сыныптан бері мен осы жігіттермен бірге өстім, бәрі бас-басына мүгедек. Ал олар әрі қарай үйленіп, отбасын құрууы керек, ал кейбіреулер үшін бұл Әлем чемпионатындағы соңғы медаль. Әрі қарай қалай өмір сүру керек?

Мен жоғарыда отырғандар халықтың ақшасын ары-бері жұмсап, өз көңілдестеріне шуба мен көлік алып беретініне, оларға өз чемпиондарынан да артық ақша жұмсайтынына сенімдімін! Қалай ұялмайсыздар?


Тоқаев мырза, мен сізден осы мәселені шешуді сұраймын және талап етемін!

Мен әр чемпион кем дегенде 100 мың доллар, тым болмаса пәтер алуы қажет деп есептеймін! Ал бұл футболшылардың бір айлық жалақысы, ал күрес пен бокс футбол емес!",- деп жазды ол.












Көрілген: 845    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 12:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31