Спорт

Конор МакГрегор 2021 жылы карьерасын қайта жалғамақ

  • Сурет: UFC

    Сурет: UFC

Екі салмақ бойынша UFC Конор МакГрегор келесі жылы карьерасын қайта бастауы мүмкін. Бұл туралы журналист Ариэль Хэльвани ұйымның президенті Дана Уайтқа сілтеме жасап хабарлады.

 

Еске салайық, 7 маусым күні ирландиялық спортшы карьерасын аяқтағанын хабарлады. Конор осымен үшінші рет карьерасын аяқтап отыр. Бұған дейін ол екі рет спорттан кеткенін хабарлап, екі рет қайта оралған еді.

 

МакГрегордың аралас жекпе-жекке қайта оралатынын спортшының менеджері Оуди Аттар да растапты. Ол қазір ұйыммен келіссөз жүргізіп жатыр.

 

Ал ұйымның президенті Дана Уайт болса, Конор үшін келесі жылдың басына тосын сый жасап жатқанын айтты.

 

Айта кетейік, МакГрегор өзінің соңғы кездесуін 2020 жылдың 18 қаңтарында Дональд Серронеге қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жетті. Жалпы ол 26 кездесу өткізіп, 22 кездесуде жеңіске жетсе, 4 кездесуде жеңіліп қалған.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 14:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31