Спорт

Конор Макгрегор Хабибтің спорттық мансабын аяқтауына қатысты пікір білдірді

  • Фото: John Locher / AP

    Фото: John Locher / AP

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Хабиб Нурмагамедовтың спорттық мансабын аяқтауы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Нурмагамедовтың бұрынғы қарсыласы оның UFC-дегі соңғы жекпе-жегіне баға берді.

 

"Хабиб, керемет жекпе-жек. Сенің әкеңе құрмет білдіремін, сондай-ақ саған және отбасыңа тағы да көңіл айтамын. Құрметпен, Макгрегорлер", &ndash деп жазды спортшы.

 

 

Айта кетейік, Макгрегор мен Нурмагомедов 2 жыл бұрын октагонда кездескен. Ирландиялық жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді қайтаруға тырысқан, алайда жекпе-жектің 4-ші раундында жеңіліс тапты.

 

Сондай-ақ Хабиб Нурмагамедовты танымал боксшы Мэнни Пакьяо құттықтады.

 

"Хабибті үлкен жеңісімен және керемет спорттық мансабымен құттықтаймын! Сенің жекпе-жектеріңді тамашалау үлкен мәртебе болды. Саған құрмет білдіремін", &ndash деп жазды филиппиндік боксшы.

 

 

Еске сала кетейік, Әбу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңген болатын.

 

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ресейлік спортшы қарсыласын "үшбұрыш" әдісімен қылқындырып жеңді. Бірде-бір рет жеңілмеген Хабиб Нурмагамедов осымен 29-шы жеңісіне қол жеткізді.

 

Аталған жекпе-жектен кейін Хабиб Нурмагомедов спорттық мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеді.

 

Чемпион анасына сөз бергенін айтып, бұл өзінің соңғы жекпе-жегі болғанын алға тартты.




Көрілген: 1164    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 18:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31