Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қорғаушының қателігі «Барысты» арандатады

25 қаңтар 2011, 10:56

«Барыс» хоккей клубы сырт айдынын қойып, енді өз жерінде ұтылуды әдетке айналдырды. Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Татарстанның «Ак Барсын» қабылдаған жерлестеріміз 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
«Ак Барстың» алдында елордалықтар Ниж­некамскінің «Нефтехимигін» қабыл­да­ған болатын. Турнир кестесінде өздерінен төмен орналасқан команданы қалпақпен ұрып аламыз деді ме, әлде, шынымен де, бұл күні «Барыстың» бабы келіспеді ме, әй­теуір ойын басталған беттен-ақ ойын тізгінін қарсыластарына беріп қойды. Бірінші кезеңде екі жақ та бір-бірінің қақ­паларынан саңылау таба алмаған болса, үзілістен кейін «Нефтехимик» айналдырған үш минуттың ішінде Еремеев қорғаған қақпаға екі шайба соғып кетті. Міне, осыдан кейін ғана бойларын тіктеген жерлестеріміз алға ұмтыла бастады. Бірақ бәрі кеш еді. Жерлестеріміздің шамасы тек бір-ақ гол соғуға жетті.
Сөйтіп, «Нефтехимиктен» 1:2 есебімен жеңілген «Барыс» екі күннен кейін Қазанның «Ак Барсын» қабылдады. Шыны керек, бұл ойында «Барыс» қоржынымызға ұпай салады деп ойлаған жоқпыз. Турнир кестесінде өздерінен төмен командадан ұтылған елордалықтар үшінші орында келе жатқан ұжымды жеңеді деп үміттенген де емеспіз. Бірақ «Барыстың» алғашқы бестігі ойынды керемет бастап, 8-секундта-ақ есеп ашты. Виталий Новопашин мен Кэвин Даллмэн ұйымдастырған комбинацияны Брендон Боченски түйіндеді. Екінші кезеңде қонақтар есепті теңестіргенімен, жерлестеріміз қайта алға шығып үлгерген. Бірақ ойынның аяқталуына санаулы-ақ секундтар қалғанда қонақтар тағы да есепті теңестіріп кетті. Бір қызығы, бұл жолы басқа-басқа емес, Кэвин Даллмэннің өзі қателесті. Шайбаны алға асырудың орнына уақыт  созудың амалын қарас­ты­рып, тырбыңдап жүріп алған қор­ғау­шымыздан қазандықтар айласын асырып кетті. Ал матч соңындағы буллитте қонақ­тардың жолдары болды.
Сонымен, биыл Гагарин кубогінде алыс­қа шабуды мақсат қойған жерлес­те­рі­міздің жағдайы күннен-күнге қиындап бара­ды. Егер жеңілісі жалғаса берсе, плей-оффтық кезеңге де шыға алмай қалуымыз мүмкін.