Спорт

Коронавирус: Спорт әлемінде көз жұмғандар

  • https://rossaprimavera.ru/

    https://rossaprimavera.ru/

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 823,6 мың адамнан асты. 40 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

 

Соның ішінде спорт әлеміне қатысы бар 12 адам көз жұмды. 28 ақпан күні ең алғашқы болып ирандық футболшы қыз Ильхам Шейхи бақилыққа аттанған. Ол небәрі 23 жаста еді.

 

Араға он жеті күн салып, Иран және испаниялық екі футбол бапкері, ал ертеңіне "Фламенго" клубының массажшысы Мариу Вериссиму ажал құшты.

 

20 наурызда екі испаниялық спорт журналисі өмірден озды.

 

21 наурызда "Реалдың" бұрынғы президенті Лоренсо Санс 76 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

 

23 наурызда "Эспаньол" клубының бұрынғы қақпашысы, бапкері болған 84 жастағы Бенито Хоанеганың өліміне коронавирус себепші болды.

 

Үш күннен кейін италиялық бұрынғы велошабандоз Данило Бароцци және "Витесс" командасының экс-президенті Кес Баккер фәниден өтті.

 

Жақында ғана "Марсель" клубының бұрынғы басшысы 69 жастағы Папе Диуф және Сент Джонс университетінің бұрынғы баскетболшысы Ли Грин 49 жасында коронавирус салдарынан о дүниеге аттанды.

 

BAQ.KZ
 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31