Коронавирусқа байланысты Гвинея құрамасы Токио Олимпиадасынан бас тартты

22 шілде 2021, 12:19

Гвинея құрамасы коронавирус пандемиясы байланысты Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты. Бұл туралы AFP хабарлады.


COVID-19 індетіне байланысты үкімет Гвинея спортшыларының денсаулығын алаңдап, құраманың Токио Олимпиадасына қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп мәлімдеді Гвинея құрамасы.
Айта кетейік, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Коронавирус пандемиясына байланысты жарысты ұйымдастырушылар спортшылардың қозғалысына қатаң шектеу қойып отыр. Оларға тек арнайы жалға алынған көлік және жатар орны мен спорттық ғимараттарда ғана жүріп-тұруына рұқсат етілген.

Ал 1 шілдеден бастап спортшылар, жеке құрам және делегация мүшелерінің арасында коронавирус жұқтырған 81 адам тіркелген.

Baq.kz