Спорт

Қос чемпиондық белбеу және рейтингілі қарсылас: Бокс жанкүйерлерін алда қандай жекпе-жектер күтіп тұр

  • Қос чемпиондық белбеу және рейтингілі қарсылас: Бокс жанкүйерлерін алда қандай жекпе-жектер күтіп тұр

    Қос чемпиондық белбеу және рейтингілі қарсылас: Бокс жанкүйерлерін алда қандай жекпе-жектер күтіп тұр

Чемпиондық атаққа талас және әлемдік рейтингтегі қарсыласқа қарсы жекпе-жек. Кәсіпқой бокстағы отандастарымызды алда маңызды сынақтар күтіп тұр. Бұл тек боксшылардың ғана емес, жанкүйерлер де асыға күтетін оқиға. Stan.kz ақпарат агенттігі жыл соңына дейін болатын бокс жекпе-жектерін назарыңызға ұсынады.

20 қарашада ауыр салмақ боксшысы Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсиейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Гамбургте болатын бокс кешінде боксшылар WBC International Silver чемпиондық белбеуін таласқа салады. Кособуцкийдің 31 жастағы қарсыласы 11 жекпе-жек өткізіп, оның 7 нокаутпен жеңген. 

"Дайындық Қостанайда өтіп жатыр. Жақында жаттығуларды аяқтау үшін Гамбургке аттанамыз. Жаңа қалаға бейімделу керек. Қарсыласымды жақсы деуге болады. Жекпе-жек статистикасы да жаман емес. Қалғаны техниканың еншісінде. Қарап, зерттейміз және жұмыс істейміз", - деп пікір білдірді Жан Кособуцкий vesti.kz сайтына берген сұхбатында. 

Бұл Кособуцкийдің 2021 жылы өткізетін үшінші кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы WBA International белбеуін жеңіп алған болатын. 

Жәнібек Әлімханұлы және Хассан Н’Дам Н’Жикам

Жәнібек Әлімханұлы да (10-0, 6 КО)  20 қарашада жекпе-жек өткізеді. Сарапшылардың ойынша бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н’Дам Н’Жикамға (38-5-0, 21 КО) қарсы кездесу Әлімханұлы үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Егер бұл жекпе-жекті жеңсе, бұдан да белгілі боксшылармен жұдырықтасуы мүмкін. 

Әлімханұлы соңғы кездесуде Роб Брандты жеңген еді. Ал қарсыласы соңғы жекпе-жегінде венгерлік Габор Горбичтен басым түскен. 

"Салмақ тамаша. Жылдамдық пен күш те өз деңгейінде. Бұйыртса 20 қараша рингке шығуды асыға күтіп жүрміз", - деп жазды Жәнібек өз Instagram парақшасында. 

Садриддин Ахмедов және Жохан Гонзалес

23 жастағы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) желтоқсанда венесуэлалық Жохан Гонзалеспен (28-1, 28 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Бұл – Ахмедовтың қаңтар айынан кейінгі алғашқы кездесуі. Арқасын жарақаттап алған боксшы спорттан шеттетілген болатын. 

Қарсыласы Жохан Гонзалес WBA рейтингінің топ-15 тізіміне енген. Ол кәсіби бокстағы мансабында 28 кездесу өткізіп, барлығын нокаутпен жеңген. Алайда жекпе-жектері Венесуэла және Панама елдерінде ғана ұйымдастырылған. 

Сарапшылардың айтуынша бұл кездесу Ахмедовке рейтингте көтерілуге үлкен көмегін тигізеді.

Данияр Елеусінов және чемпиондық атақ

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында жекпе-жек өткізеді. Алайда боксшының қарсыласы әлі анықталмады. Кездесу бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ және IBO мен IBF-Continental белбеулері сарапқа салынады. 

Бұрын хабарланғандай, Елеусіновпен қатар Иван Дычко да (10-0, 10 КО) осы бокс кешінде жұдырықтасады. 

Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Геннадий Головкин 28 желтоқсан күні Жапонияда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы WBA Super белбеуінің иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болмақ. 

Риота Мурата соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 23 желтоқсанда өткізген. Бұл кездесуде қарсыласы Стивен Батлерді техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Головкин 2020 жылы өткен соңғы кездесуінде Камиль Шереметаны жеңген. Оның қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді. 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31