Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көшбасшылар ұзап кетті

20 қаңтар 2011, 10:47

Ресейдің Жоғарғы хоккей лигасының «Шығыс» дивизионында бақ сынайтын Өскеменнің «Қазцинк-Торпедосы» турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде теңселіп жүр.
Жоғарғы хоккей лигасы – осы маусымда ға­на құрылған, Ресей хоккей федерациясы мен Құрлықтық хоккей лигасының ком­мер­­циялық емес серіктесі болып табылатын жа­ңа жоба. «Қазцинк-Торпедо» – осы ли­га­да өнер көрсететін жалғыз ресейлік емес клуб. Аталмыш лигада екі дивизион («Шы­ғыс» және «Батыс») бар екендігін, әр ди­ви­зионда 10 команда ойнайтындығын бұ­ған дейін де жазғанбыз.
«Қазцинк-Торпедо» осы лиганың «Шы­ғыс» дивизионындағы ойындарын тәп-тә­уір бастап, басында алғашқы лектен кө­рі­ніп жүр еді, қазір бел ортаға ығысқан. Дәл қазір 40 ойын өткізген шығысқазақ­стан­дық­тар 68 ұпаймен бесінші орында тұр. Өз­дерінен бір саты жоғары орналасқан «Юж­ный Урал» (Орск) 43 ойыннан 72 ұпай жинаса, алтыншы орындағы «Зау­ра­лье» (Курган) 42 ойыннан 66 ұпай ен­ші­леген. Яғни турнир кестесінің төменгі бө­лігіне түсіп кету мүмкіндігінен гөрі төртінші орын­ға көтерілу мүмкіндігі басымырақ. Өз­дерінен бір саты жоғары тұрған «Юж­ный Урал­дан» үш ойын кем өткізген. Осы үш ойын­ның екеуінде жеңіске жетсе, Орск клу­бының алдын орап кетеді. Одан әрі жо­ғарылау мүмкін емес сияқты. Себебі көш ба­сында мына үш клуб сап түзеген: Тю­мень­нің «Рубині» (42 ойыннан 98 ұпай), Неф­текамскінің «Торосы» (40 ойыннан 86 ұпай) және Пермьнің «Молот-Прикамьесі» (41 ойыннан 73 ұпай).
Десек те, «Қазцинк-Торпедоның» плей-оф­фқа шығатындығына күмән кел­тіруге болмайды. Себебі плей-оффқа әр дивизионнан сегіз командадан шы­ғады. Жоғарғы хоккей лигасы дода­сының негізгі кезеңінде неғұрлым жоғары орынға ие болудың пайдасы плей-оффтың алғаш­қы елегінде бірден азулы командаға тап бол­майсың.
«Қазцинк-Торпедо» клубының Жо­ғар­ғы хоккей лигасында бүгінге дейінгі өт­кіз­ген ойындарын сараптайтын болсақ, Олег Болякиннің шәкірттері 40 кездесудің 18-ін­де жеңіске жетіп, 12-сінде жеңіліске ұшы­рады. Қалған 10 ойынның екеуі овер­тайм­да аяқталды. «Қазцинк-Торпедо» овер­таймға дейін созылған осы екі матч­тың біреуінде жеңіп, екіншісінде ұтылып қал­ды. Сегіз кездесуде жеңімпазды анық­тау үшін буллитке жүгінуге тура келді. Мұн­да Өскемен хоккейшілерінің бағы үнемі жан­бай жүр. Керісінше, сан соғып қалған матч­тары басым. Нақтырақ айтқанда, бул­лит­те үш рет бақтары жанып, бес рет жал­қы ұпайды көңілге медеу тұтуға тура келді. Ерек­ше көзге түсіп жүрген ойыншылары ре­тінде Сергей Александров пен Андрей Огородниковті айрықша атап өту ләзім. Команда сапындағы жалғыз қазақ Досжан Есір­кенов те – ұжымың белді ойыншылары қа­тарында.