Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кройцигер үмітті ақтар емес

22 сәуір 2011, 10:21

Италия «Джиро д’Италия» көпкүндігінің кіші үлгісі саналатын «Джиро дель Трентино» төрткүндігі басталды. Алайда бұл турнир де Қазақстанның «Астана» командасына абырой әпермейтін секілді.
«Астана» командасы бұл «Джироға» сегіз спортшысын қосты. Чехиялық капитан Роман Кройцигерге жерлесіміз Максим Гу­ров, испандық Джозеф Хуфре, хорват Ро­берт Кишерловски, итальяндықтар Фран­чес­­ко Машьярелли мен Паоло Тира­лон­го, ресейлік Евгений Петров және сло­ве­ниялық Горазд Стангели көмектеседі деп күтілген болатын. Бірақ Кройцигер небәрі 13,4 шақырымға созылған жеке жарыста 14-орыннан көрініп, үлкен турнирге әлі дайын еместігін көрсетіп алды. Маусым ал­дында «Лигвигаз» командасынан ал­дыр­тқан чех вело­шабандозы 13,4 ша­қы­рымды 15 минут 52 секундта жүріп өтіп, кезең жеңімпазы экс-«астаналық» Андреас Кло­деннен бақандай 28 секундқа қалып қойды. Мәреге екінші болып «Лямпре» клу­бының саңлағы Адриа­но Малори жетсе, «Радиошэктің» тағы бір өкілі Тьяго Мачадо үздік үштікті қоры­тын­ды­ла­ды.
Екінші кезеңде «Астана» сапынан Паоло Тиралонго үздік шықты. 184 шақырымдық жарыста кезең жеңімпазы француз Томас Воклерден 25 секундқа қалып қойған Пао­ло мәре сызығын 6 болып қиды. Ал Крой­ци­гер 48-орыннан көрінді.
Велоспорт тақырыбына орай айта ке­тейік, Бельгия жерінде «Флеш Валлонь» көпкүндігі басталды. Турнирдің 201 ша­қы­рым­­ға созылған бірінші кезеңінде Алек­сандр Винокуров көшбасшы Филип Жиль­берт­­тен 4 секундқа қалып қойып, мәреге 4 бо­лып жетті.