Спорт

Қуат Хамитов Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

  • https://www.instagram.com/kuat__khamitov/

    https://www.instagram.com/kuat__khamitov/

Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтарға пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Бұл жөнінде аралас жекпе-жек шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 

Хамитов волейболшыны қуанышты сәтімен құттықтауды ұмытқан жоқ.

 

"Әй Сабина-Сабина, мен саған енді қарай бастаған едім, сен қашып кеттің. Менің құттықтауымды қабыл ал! Шын жүрегімнен саған бақыт тілеймін! Сен керемет жансың. Біздің барлық қыздарымыз сен сияқты нәзік әрі әдемі болсын. Ал қалғандырыңызға шаршамаңыздар дегім келеді, аңшылық жалғасады", - деді спортшы.

 

 

Еске сала кетсек, Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін мойындаған болатын. Ол тіпті өзінің жары ретінде Алтынбековадан басқа аруды көре алмайтынын да айтқан еді. Хамитов алдағы уақытта бірқаар мақсаттарына қол жеткізіп, спортшы арудың көңілі табуға бар күшін салмақ болған.

 

Алайда, волейболшы қыз оның сезімдеріне жауап бермей, оны спорттағы жетістіктері, адамгершілігі, батылдығы мен бойындағы қазақ батырының рухы үшін аса қатты құрметтейтінін жеткізді.

 

Ал кеше Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз. Спортшының таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен.

 

Ашық дереккөздерде оның күйеуі туралы ақпарат өте аз.

 

"Одноклассники" желісіндегі парақшасында Саят Тостықбаевтың 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.

 

 




Көрілген: 1586    Пікірлер: 0

сенбі, 26.12.2020, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28