Спорт

Қуат Хамитов жекпе-жек үшін алған ең ірі гонорарын жариялады

  • Қуат Хамитов жекпе-жек үшін алған ең ірі гонорарын жариялады

    Қуат Хамитов жекпе-жек үшін алған ең ірі гонорарын жариялады

ММА файтері Қуат Хамитов жекпе-жектен тапқан ең ірі сыйақысы 30 000 доллар болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Sportime TV басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.


"Алайда мен үшін ақша маңызды емес. Ел намысын қорғау маңыздырақ", - деді Хамитов.


Сұхбат барысында ол бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келешегін бағалап, қазақстандық спортшылардың UFC-ге шығу неге қиын екенін түсіндірді. Ол Дамир Исмағұловтың UFC-дегі жетістігі және оның болашағы туралы айтты.


"Ол үшін өте қуаныштымын. Біз бірнеше рет спарринг жасап, бірге жаттығу жасадық. Ол жақсы жігіт және біздің елімізді даңққа бөледі. Бұл құрметке лайық. Менің білуімше, ол Қазақстанға көшуді жоспарлап жүр. Менің ойымша, ол мұны жасайды", - дейді Хамитов.


Оның айтуынша, әрбір файтер UFC ұйымымен келісімшарт жасасуды армандайды.


"Қазақстандықтарға ресейліктерге қарағанда ұйымға өту қиынырақ келеді. UFC ресейлік нарыққа кіріп жатыр. Олар Ресейде турнирлер өткізуді жоспарлап отыр. Оларға жергілікті батырлар қажет және ресейліктер оңай көндіреді. Қазақстан - бизнес үшін тиімсіз ел, сондықтан бізге өзін көрсету қиын", - деді ол.


Оның айтуынша, Геннадий Головкиннің американдық боксшы Ванес Мартиросянмен кездесуі таңғалдырған.


"Спортта мықтылар мықтылармен айқасуы керек. Бұл әрдайым бола бермейді. Мен Головкин мен Мартиросян туралы естігенде, бұл әзіл деп ойладым. Менің ойымша, Головкин әлі де өнер көрсете алады және көп нәрсеге қабілетті. Алайда жылдар өз күшін алады. Мен оның жеңіліссіз кеткенін қалаймын. Бұл өте өкінішті", - деді Хамитов.



Еске салайық, Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов карьерасында 27 жекпе-жекте жеңіске жеткен (9 нокаут) және екі рет жеңілген. Ысмағұловтың UFC ұйымымен келісімшартқа отырғаны жайлы хабарланған болатын. 1 желтоқсанда ол UFC ұйымында өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды. Исмағұловтың қарсыласы австралиялық Алекс Горджес болды. Олардың жекпе-жегі Австралияның Аделаида қаласында UFC Fight Night 142 турнирі аясында өтті. Олардың кездесуі үш раундтан тұрды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі (30-25, 30-26 және 30-26) бойынша Исмағұлов жеңімпаз атанды.


Оның келесі жекпе-жегі 23 ақпанда Чехия астанасы Прагада UFC Fight Nights 145 турнирі аясында өтеді. Оның қарсыласы испан файтері Хоэль Альварес болуы мүмкін.


The Ring және Fox Sports журналисі Майк Коппинджердің мәліметінше, Головкин жақында Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мен DAZN стримингтік сервисіне ие Perform Group атқарушы директоры Джон Скиппермен кездескен.


Еске салайық, 2012 жылдан бастап Головкин 2018 жылдың соңына дейін бокс нарығынан кеткен HBO телеарнасының қолдауымен өнер көрсеткен болатын. GGG үшін соңғы келісім-шарт бойынша мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 35 КО) екінші кездесу болды, онда қазақстандық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 19:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30