Спорт

Қуат Хамитов Желідегі видеосы үшін полицияға жеткізілді

  • © instagram/kuat__khamitov

    © instagram/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов видеосы үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Қ.Хамитов тиісті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Іс-әрекеттер аз.Хамитовқа түбегейлі баға беріледі", - делінген полиция хабарламасында.

 

Айта кетейік, билік өкілдерінің заңды талаптарына және жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді бағынбауға шақыру не жаппай тәртіпсіздіктерге арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінді Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы таралған еді.

 




Көрілген: 3706    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 21:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31