Спорт

Қуат Хамитов қарсыластарының деңгейіне қатысты сынға жауап берді

  • Қуат Хамитов қарсыластарының деңгейіне қатысты сынға жауап берді

    Қуат Хамитов қарсыластарының деңгейіне қатысты сынға жауап берді

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат "Найман" Хамитов қарсыласының деңгейіне қатысты сын айтушыларға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Осы жазбада кейбір сын айтушылардың сұрағына жауап бергім келеді. Олардың айтуынша, мен бүкіл мансабым барысында танымал емес спортшылармен шыққанмын... Олар UFC, Bellator, PFL MMA, Rizin-де күреспегендер.

Менің жауабым: 10 жыл ішінде 30 жекпе-жек өткіздім, мансабым басталғаннан бері тек мықты қарсыластармен шықтым!

2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін торды бөліскен спортшылардың тізімін жарияладым. Ол кезде менің өзім жаңадан келген едім", - деп жазды Қуат Хамитов Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, Хамитов UFC-ке шығуға қатысты мәлімдеме жасады. "Ал UFC туралы айтатын болсақ, ешқашан допинг, стероидтерді қабылдаған емеспін... Мүмкіндік берсін, мен өзімді көрсетемін", - деп қосты Қуат Хамитов.

Еске салайық, Қуат Хамитов октагонға соңғы рет қаңтарда Магнитогорск қаласында шықты. Ол бірінші раундта ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірді еді.




Көрілген: 195    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 12:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30