Қуат Хамитов Нұрберген Шариповтен жеңіліп қалды

18 желтоқсан 2021, 09:52

Қазақстандық балуан Қуат "Найман" Хамитов отандасы Нұрберген Шәріповке қарсы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың кездесуі Mergen Fightning Championship аясында өтіп, грэпплинг ережесі бойынша өтті.

Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Хамитов жарақат алды, сол себепті жекпе-жекті жалғастыра алмады. Жеңіс Шәріповке берілді.

Турнир Атырауда өтті.

Қуат Хамитов жуырда ғана көрерменге жол тартқан "Портье: Мальчик на побегушках" фильмінде атышулы Айжан Байзақовамен бірге басты рөлді сомдады. Көрермен Қуаттың актерлік шеберлігін жоғары бағалағанымен, ол басында киноға түскісі келмегенін айтты. Ол кинода бірге рөл сомдаған Байзақованы жақтап сөйледі.