Қуат Хамитов Ресейлік ММА аңызымен жекпе-жекке шығады

21 тамыз 2023, 19:23

35 жастағы аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (25-7-2) 39 жастағы атақты ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (65-15) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен ресейлік ММА аңызы Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізу туралы келісімге келдік.

Турнирдің уақыты мен өтетін орнын кейінірек хабарлаймын", - деп жазыпты Хамитов әлеуметтік желіде.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz