Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға үйленгісі келетінін айтты

25 қазан 2020, 01:47

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат Хамитов «Қызық Live» бағдарламасында қонақ болды.

Бағдарламада спортшы соңғы жаңалықтарымен бөлісті.  Алдағы жекпе-жегі жайлы сөз қозғалды. Жүргізушілер әңгіме барысында одан  қашан үйленетінін сұрады.

«Мен қайда барсам да, бұл сұрақ қойылады. Ата-анам да уақыт келді дейді. Немере керек дейді. Олар бұған дейін айтқан жоқ, бірақ қазір жиі айтады. Мен спортшымын, қазір уақыт жоқ. Төрт-бес ай бойы шетелде жүрмін. Қазір менің мақсатым 4 желтоқсандағы жекпе-жекте жеңіске жету, содан кейін келесі жылға мақсаттар бар. Келесі жылы, жазда, егер мен UFC -мен келісім жасасам, Америкаға барсам, содан кейін үйлену туралы ойлана аламын», &ndash деді Найман.
Ол сондай-ақ бала кезінен  бойының қысқа екенін, дене шынықтыру сабағында ең соңғы болып тұрғанын және әкесіне неге биік әйел алмағанын айтып, жылап, шағымданғанын еске алды.

«Әкем «егер сен ертең кішкентай қалыңдық алып келсең, екеуіңді үйден шығарып жіберемін» деді. Қазір мен қарап жүрген қыз бар. Ол ұзын бойлы», &ndash деп атап өтті спортшы. Жүргізушілердің «Ол қыз біле ме?» деген сұрағына «Иә, біледі» деп жауап берді.

 «Біз аздап сөйлестік. Одан басқа үйленетін қызды көрмеймін. Бұл туралы ешкімге айтқан жоқпын, бірінші рет айтып отырмын. Ол спортшы&hellip Ол &ndash волейболшы Сабина Алтынбекова. Менің ойымша, бізде жақсы, чемпион балалар болады. Достарым «Егер үйленсең, Дэвид Бэкхэм және Виктория сияқты боласыңдар» дейді», &ndash деп таңғалдырды Хамитов.
Аралас жекпе-жек шебері қазір волейболшыны Instagram-нан қарап жүретінін жеткізді.

aikyn.kz