Спорт

Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

  • Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

    Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді

"Найман" лақап атымен танылған MMA спортшысы Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегіне дайындығы мен қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты.

Sport.kz сайтының хабарлауынша, Хамитов 22 қаңтарда Магнитогорсктегі Fight Nights Global турнирінде ресейлік файтер Алексей Ильенкоға қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазір ол дайындықтың соңғы кезеңінде тұр.

"Менде ешқашан ММА жаттықтырушысы болған емес. Әрдайым өзім дайындалдым. Қазір топ жинап, күндіз-түні бірге жекпе-жекке дайындалып жатырмыз. Күніне екі рет дайындаламыз. Бәрі жақсы, қарсыласқа қарай дайындалып, солақайлармен жұмыс істеп жатырмын. Зерттеу, дайындыққа қажеттің бәрі жасалуда", - деді Хамитов.

Айтуынша, арасында шаршап, тезірек алаңға шығып, демалысқа кеткісі келеді. Сонымен қатар сұқбат барысында волейболшы Сәбина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты.

"Оның тұрмысқа шыққанына қуаныштымын. Анджелина Джолидің өзі болса да, алдағы екі жылда үйлену туралы жоспарым болған жоқ. Сондықтан ол үшін қуаныштымын. Мені ұлы істер күтіп тұр, сондықтан жеке өмір сияқты ұсақ-түйекке алаңдай алмаймын. Біз Сабина екеуміз араластық. Ол 24 жаста, оған сол қажет болды, мен оған оң көзқараспен қараймын және бақыт тілеймін", - деді Хамитов.

Sport.kz




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28