Қуат Хамитов сотталып жатыр
Қазақстандық файтер Қуата Хамитов сотталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
«Алмалы аудандық сотында ММА файтері Қуата Хамитовқа қатысты іс қаралып жатыр. Күдікті ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімімен (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) істі боп жатыр. Бас сот талқылауы 18 қаңтар сағат 14:30-ға белгіленген», - деді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметінен.
 
Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын.
 
Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған.
 
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.