Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қуат Хамитовтың есесін қайтара ма?"Қазақстандық МакГрегор" белгілі чемпионмен айқасады

29 желтоқсан 2022, 11:09

Қазақстандық файтер Фаниль Ноғай Рафиков әзірбайжандық Нариман "Шыңғысхан" Аббасовпен жекпе-жеке шығатын боды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аббасов AMC Fight Night ұйымының бұрынғы чемпионы. Dana White Contender Series турнирінде ол UFC келісімшарт үшін Исмаэль Бонфимамен жұдырықтасты, алайда жеңіліп қалды да ең әйгілі промоушенге өте алмады. 

Айта кетейік, 2019 жылы Аббасов пен қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов AMC Fight Night белбеуін сарапқа салған болатын. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен есе жіберді. 

Рафиков болса Naiza лигасының чемпионы болған. Кейінгі айқасында "Қазақстандық МакГрегор" атанып кеткен Фаниль бразилиялық Бонифаций Сильваны 23 секундта нокаутқа түсірген еді. 

Рафиков - Аббасов жекпе-жегі 2023 жылдың басында өтетін NAIZA 50 турниріне жоспарланған.