Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын шыңжаңдық бес спортшының екеуі қазақ

16 қаңтар 2022, 16:29

«ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

 

 Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалі қай жобада беріледі? – «Халық газеті»

 

 

Қар жобасының негізгі тармағы ретінде шаңғы жарысы «қардағы атлетика» деп де аталады.

 

Аталмыш жобаға Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде 12 алтын медаль бөлінген.

 

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары кестесінің соңғы нұсқасына сәйкес, бірінші және соңғы алтын медальдар шаңғы жарысына беріледі. Бұл шаңғы жарысының қысқы Олимпиада сахнасындағы орны ерекше екенін көрсетеді, деп хабарлайды people.cn.

 

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Бейжің қысқы Олимпиадасының шаңғы жарысында жалпы 12 шағын жарыс өтеді: 6 ерлер және 6 әйелдер жарысы.

 

Осы жолғы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысы үшін жалпы 296 орын бар. Ер-әйелдер саны жеке алғанда 148-ден. Әрбір команда ең көбі 8 әйел, 8 ер, жалпы 16 спортшы жібере алады.

 

«Шаңғы жарысы Солтүстік Еуропадан шыққан және ол 1924 жылы алғашқы қысқы Олимпиада ойындарына енген болатын. Ұзақ уақыттан бері Норвегия қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысының серкесі болып келді. Алайда Швеция, Финляндия, Швейцария, АҚШ, Ресей, Италия сияқты Еуропа мен Америка елдерінің шаңғы жарысының әлеуеті де қалыса қоймайды», деп түйіндейді