Қытайда Ольга Рыпакова алтын жеңіп алды

26 қазан 2019, 15:14

Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Қытайда өтіп жатқан VII Дүниежүзілік әскери ойындарда алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның намысын қорғаған Ольга Рыпакова екінші ретінде 14,19 метрге секіріп, ел қанжығасына алтын медаль байлады. Бұл санатта күміс италиялық спортшы Оттави Честонароға бұйырды. Ол 13,78 метр қашықтыққа секірді. Ал үшінші орында – 13,54 метрге секірген Доминикана Республикасының спортшысы Анна Хосе Тим.

Аталған жарыстарда командалық есеп бойынша Қытай алда келе жатыр. Ал Қазақстанның қоржынында екі алтын, бір күміс және бес қола медаль бар.