Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Лим iлдi бiр жүлде

01 маусым 2011, 15:39

Польшада дзюдодан әлем кубогының кезектi кезеңдiк белдесулерi өттi. Бұл турнирде Қазақстан дзюдошыларының қоржынына бiр күмiс бұйырды.
Варшавада 66 келi салмақ дәрежесiнде белдескен жерлесiмiз Сергей Лим финалда оңтүстiккореялық Жу Жин Кимнан ұтылып, екiншi орынға ие болды. Сергей күмiс жұлде жолында словакиялық Рок Дракичты, испаниялық Хавиер Делгадоны айқын басымдылықпен ұтып, одан кейiн өте шиеленiстi белдесуде татами «қожайыны» Артур Клисты жеңдi. Ал жартылай финалда немiс Адриан Кулихты жолынан тайдырып, ақтық айқасқа жолдама алған болатын.
60 келi салмақта Саламат Отарбаев жапониялық Дайши Яноны жеңгенiмен, келесi белдесуiнде итальян балуаны Елио Вердеден ұтылып қалды. Қалған жiгiттерiмiздiң барлығы Варшава татамиiне бiр-ақ рет шықты.