Спорт

Лондондық "Арсеналдың" бас бапкерінен коронавирус анықталды

  • Лондондық

    Лондондық "Арсеналдың" бас бапкерінен коронавирус анықталды

Лондондық "Арсеналдың" жаттықтырушысы Микель Артета коронавирус дертін жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/mikelarteta

Фото: Instagram/mikelarteta

"Арсенал" клубының басшылығы Артетамен байланыста болған футболшылар мен команда қызметкерлері екі аптаға карантинге жатқызылатынын мәлімдеді.

Одан бөлек, Англия чемпионатының ойындары кейінге қалдырылғаны, жаттығу базаларының уақытша жабылғаны белгілі болды.

37 жастағы лондондық ұжымның бас бапкері осыған байланысты пікір білдірді.

"Жағдайдың бұлай болғанына өзім де таңғалып отырмын. Мен көңіл-күйім нашарлай бастағанда бірден-ақ тест тапсырған едім. Енді жұмысқа мүмкіндік бергенде ғана ораламын", - деді Артета.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Осыдан кейін мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады.

 
 

Бұл туралы президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31