Мамандар еуроның доллардан да арзан болуы мүмкін екенін болжады

23 мамыр 2022, 11:27

Еуро экономикалық жағдайларға байланысты әлсіреп, 20 жылда алғаш рет доллармен теңесуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап. 

Басылым жариялаған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылға қарай еуро құлдырап, доллардан да арзан болуы мүмкін екен. Материал авторлары еуроның әлсіреуі қазіргі уақытта Еуроодақтың экономикасына кері әсер ететінін жазады.
Сонымен қатар Ресей Украинаға басып кірген уақыттан бастап еуро доллармен салыстырғанда 6%-ға төмендеген. Бұған қарамастан Еуропа елдері Ресейді энергия жеткізуден ажыратуға әлі де тырысып бағуда.