Спорт

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

  • "Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

"Манчестер Юнайтед" футболшыларына Нұр-Сұлтан көшелерінде ұзақ уақыт жүруден бас тартуға кеңес берілді. Танымал футбол клубы елордаға Еуропа Лигасы турнирі, топтық кезеңнің бесінші турының аясында "Астана" футболшыларымен матч өткізуге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ESPN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 



Басылымның мәлімдеуі бойынша, Қазақстанның астанасында ауа-райы салқын болған соң, спортшыларға сыртқа шығып, серуендеуден бас тартуға кеңес берілген. Он минуттан артық далада жүрмеуді сұраған. Матч күні температура минус 20 градусқа дейін жетіп қалатыны ескертілді. 


"Астана" және "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч 28 қарашада, "Астана Аренада" өтеді. 


Манкуниандықтар Еуропа лигасының плей-офф атты кезеңіне шықты. Команда төрт мачта он ұпай жинады. Ұпай жинай алмаған "Астана" командасы L кестесінде соңынан санағанда бірінші орында тұр. 


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның 14 жастағы футболшысы Португалия клубына шақырту алғанын жазған едік.




Көрілген: 4467    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.11.2019, 23:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31