Мектеп оқушысы әлем чемпионы атанды (видео)

23 ақпан 2022, 18:30

Швецияда жасөспірімдер арасында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті. Әлемнің бірнеше мемлекетінен кілең «сен тұр, мен атайын» спортшылар топқа түскен аламанда қазақ баласы Ерсен Станбек әлем чемпионы атағына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Байрақты бәсекеде ондаған елдің жүздеген жас перілері сынға түсті.

 

Жаһандық додада бірнеше қарсыласымен күш сынасқан Ерсен Станбек білек күшінің басым екенін айқын көрсетіп, жеңістің биік тұғырынан көріне білді.

 

Он бірінші сыныптың оқушысы алдағы уақытта жеңісті жорығын жалғастыра беру жолында еңбектенбек.