Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Мен өте ризамын": Зілтемірші Зүлфия Чиншанло жеңісі жайлы айтты

26 шілде 2021, 23:10

Токиодағы Олимпиада ойындарында қола медаль иеленген Зүлфия Чиншанло марапаты жайлы пікір білдіріп, алдағы жоспарларын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

“Мен өте ризамын. 2014 жылғы сайыстан кейін жоғарғы нәтиже көрсете алмаған едім. Токиодағы жарысқа ұзақ дайындалдық. Ең бастысы, Олимпиадада эмоция сезіне алдым, сол үшін қуаныштымын. Үшінші рет шықпадым. Оның мағынасы болмады. Рекорд орнату үшін 132 келі көтеру керек еді. Ал мен жаттығып жүрген кездерімде 130 келі көтеретінмін. Бұдан бөлек, менің салмақ категориям 57 килограммға дейін болатын. Олимпиадаға дайындалып 2,5 кг тастадым”, – дейді Чиншанло.

 
Бұған қоса, ол жіберген қателігі жайлы ой қозғады. 

“Зілтемір көтерген кейбір талпыныстарымды әділқазылар есептемей кетті. Өйткені қолымды дұрыс ұстай алмадым, тік тұру қажет болатын. Мұндағы қалт еткен жерлерінің бәрі ескеріледі. Негізі пандемия дайындығыма бөгет болған жоқ. Барлығы да ойдағыдай өтті. Мені қолдаған барша жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Мұнымен қоса, күйеуіме, бапкерлеріме алғысымды айтамын. Олар әрқашан менің жанымнан табылып, қолдау көрсетті. Федерацияға, өзім тұрып жатқан облысқа рахмет. Жанкүйерлеріме бөлек алғыс айтамын. Олардың қолдауы мен үшін маңызды болды”, – дейді спортшы қыз. 

Сондай-ақ, ол алдағы сайыстар жайлы жоспарларын жеткізді.

“Париждегі Олимпиада ойындарына шығуға тырысамын. Бір жылдан кейін Азия ойындары тағы бар. Токиодан кейін демалысқа шығамын, содан кейін белгілі болар. Қазірше дайындалатын дүниелер баршылық. Бір жылдан кейін 2024 жылы өтетін Олимпиада жайлы бір қорытыныды шығарамын”, – деді зілтемірші. 

Еске салсақ, бұған дейін Зульфия Чиншанло Қазақстан қоржынына үшінші қоланы әкелгені туралы айтылған еді.

Stan.kz