Спорт

«Мені шұғыл түрде бапкерлер штабына алу керек» - Ермахан Ибраимов боксшылардың жеңілісінен соң мәлімдеме жасады

  • «Мені шұғыл түрде бапкерлер штабына алу керек» - Ермахан Ибраимов боксшылардың жеңілісінен соң мәлімдеме жасады

    «Мені шұғыл түрде бапкерлер штабына алу керек» - Ермахан Ибраимов боксшылардың жеңілісінен соң мәлімдеме жасады

Бокстан ұлттық құрама мүшелерінің жеңілісіне қатысты Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов пікір білдірді. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

«Жекпе-жектерді көрдім. Бәрін бақылап отырмын. Еш нәрсе айтқым келмейді. Мені шұғыл түрде бапкерлер штабына қосу керек. Бас бапкерлікті айтып отырғаным жоқ. Екінші бапкер ретінде алу керек. Сонда мен ұлттық құрамадағы проблеманы шеше аламын», - деді Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Ермахан Сағиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, алтынан басты үміткер Бекзат Нұрдәулетов бүгін алғашқы кездесуінде ресейлік Имам Хатаевтан 4-1 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ, олимпиада жүлдегері болуы мүмкін деген Рио олимпиадасының вице-чемпионы Василий Левит те жарыс жолынан шығып қалған. Абылайхан Жүсіпов пен Серік Теміржанов та жарыс жолынан ерте шығып қалды. Бокс сарапшылары мен жанкүйерлер Токио олимпиадасы боксшыларымыз үшін ең сәтсіз дода болғалы тұр дейді.




Көрілген: 2826    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 10:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30